Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала-шағамызды көрмегелі он күн, үйге қашан барамыз?!": Қазақстандық дәрігерлер үйлеріне жете алмай зар жылап жүр

Елімізде ауруханаларда күні-түні қызмет ететін дәрігерлер үйіне жете алмай зар жылап жүр. Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде дәрігерлер ауруханада вирус жұқтырған адам тіркелмесе де жіпсіз байлап отырған бастықтарына шағым айтты. Бала-шағамыздың түрін көрмегелі он күн болды деп шырылдаған олардың бұл видеосына қатысты денсаулық сақтау министрлігі не дейді? Stan.kz тілшісі сұрап білді.  

врачи

Желіде наразылық білдірген қазақстандық дәрігерлердің видеосы туралы нақты ақпарат жоқ. Қай аурухана, қай өңір екенін айтылмаған. Медициналық қызметкерлер кадрларда олардың бөлімшесінде короновируспен ауыратын науқастар жоқ екенін, ал оларды туған-туыстарына жібермей отырғандарын айтып қалды. 

"Менің тест нәтижелерім теріс деп көрсетті. Сонда да үйіме бара алмай отырмын. Ауруханада жүргенімізге он күн болды. Біздің бөлімшеде вирус жұқтырған науқас жоқ. Не масқара мынау, қашан үйге барамыз?" - деген дәрігердің жанайқайы видеода берілген. 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова осындай видеоларға қатысты пікір айтты. 

"Шындығында Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы сайтында және әлеуметтік желілерде осындай видеолар көбейіп кетті. Оның ішінде Атырау облысындағы медицина қызметкерлерінің жанжал шығарғанын білеміз. Оқиғаны ушықтырмауға тырысып жатырмыз. Қазір ол жаққа жағдайды бақылауға алу үшін Жандарбек Бекшин жұмыс істеуде. Атыраудағы дәргерлердің жағдайы бойынша, олардың қонақ үйге жайғастырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Барлық жағдай жасалуда. Біз дәрігерлерің жағдайын назарда ұстайтын боламыз", - деді Людмила Бюрабекова.

Stan.kz редакциясы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне видеодағы жағдайға қатысты нақты ақпарат беруін сұрады. Бірақ баспасөз қызметкері көрсетілген видеоға қатысты қолында ақпарат жоғын, нақты ештеме айта алмайтындарын жеткізді.

 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр