Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты

Сәбилердің жарық дүниені көрмей жатып шетінеп кетуінің себебі не? Эмбрионның дұрыс дамуына смартфондар мен гаджеттердің әсері қандай? Осы сынды сұрақтарға Қазақстанның тәуелсіз медицина мамандары ассоциациясының мүшесі, акушер-гинеколог Гүлзада Құдайбергенова жауап берді, – деп жазады “Караван” басылымы.

image

Отандық маман Гүлзада Құдайбергенова заманауи смартфондар мен электронды құрылғылардың болашақ ана денсаулығына зиянын тигізетінін айтады. Мұнымен қатар, ол жүктіліктің бұзылуына алып келетін көрінеді.

Аталған фактіні Ресей ғылым академиясының Новосібірлік филиалының ғалымдары дәлелдеген. Физикашы мамандар екі бірдей инкубаторға 30 жұмыртқадан салған. Артынша бір инкубатордың қасына қарапайым ұялы телефонды қойып, оған күніне бірнеше рет қоңырау шалып отырған – түске дейін және түстен кейін.

Инкубация мерзімі аяқталған соң (тауық жұмыртқасы үшін 21 күн) алғашқысында екі жұмыртқа жарылып, эмбрион өлген.

Қасында ұялы телефон тұрған инкубаторда 7 жұмыртқа жарылып, 4-еуі ұсқынсыз күйге еніп, қалған 19-ы қатып қалған! Бұл ұялы телефон электромагнитінің эмбрионға қаншалықты әсер ететінін көрсетеді. Олай болса, заманауи смартфондар туралы не айтуға болады?..

Дәрігердің пікірі негізсіз емес. Өйткені ол тәжірибесінде жүкті әйелдердің соңғы кезде көп түсік тастағанына көз жеткізген.

“Мысал келтірейін. Бізге 19 жастағы Алма есімді бойжеткен келіп түсті. Кезекшілігімді атқарып жүріп оның электрониканың ортасында жатқанын көрдім. Тумбочканың үстінде дәрі ішетінін және күйеуіне хабарласуы керектігін есіне түсіретін электронды сағат тұрды. Бұрын біз мұндайды қағаз бетіне түсіретінбіз, ал ол электрлік құрылғыларды пайдалануды жөн көрген.

Жанына интернетке кіріп фильм мен түрлі бағдарлама көретін нетбук қойып қойған. Ал оның жанында айфон телефонының соңғы үлгісі тұрды. Мұнымен қоймай, қолына дене қызуы мен жүрек қағысын көрсететін заманауи Smart Watch тағып алған. Мен одан “Мұның барлығы саған керек пе?” деп сұрадым. Және сағат пен нетбукті үйіне беріп жіберіп, тек смартфонды қалдыруды ұсындым. Ол өзінен алыс тумбочканың үстінде тұруы керек болды. Интернеттегі фильмдерді көрмегенің дұрыс деп сәнді журналдар мен кітап оқуға кеңес бердім. Ол келісті.

Алайда келесі күні Алмажанның қарнына нетбукті қойып алып интернеттен фильм көріп жатқанын байқап қалдым. Жанында 5-6 болашақ ана отырды. Мен мұның баланың дұрыс дамуына кедергі жасап, қанайналымды бұзатынын түсіндірдім. Екіншіден, іштегі бала анасының қорқынышы мен қуанышын тікелей сезінеді”, – деп маман жас аналардың барлығына дәл осындай ескерту жасайтынын айтып өтті”, – дейді дәрігер.

Өкінішке орай, Алма жүктілігінің жетінші аптасында баласын түсіріп алған. Акушер-гинеколог түсік тастаудың себебін электромагниттік сәуленің көптігімен түсіндіреді. Бұдан өзге жас әйелдің екі рет іштегі сәбиінен айырылған кезі болған екен. Оның жұмысы компьютер алдында отырып, клиенттермен смартфон арқылы тілдесуді талап еткен.

Дереккөзі: “Караван


Оқи отырыңыз:

Жүктілік кезінде желінген жемістер болашақ сәбидің IQ-ін көтереді

 

Талқылау