Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер өлімге әкелетін ауруды жаңғақ аллергиясымен шатастырды

АҚШ-тың Колорадо штатында дәрігерлер жаңғаққа аллергиясы бар деп тоғыз жасар науқастың ауруын шатастырды.

Дәрігерлер өлімге әкелетін ауруды жаңғақ аллергиясымен шатастырды

Тамыз айында Габриэлла Бонди ата-анасына терінің құрғауы туралы шағымданып, оны дәрігерге апарады. Дәрігерлер бұл жаңғақтарға жеңіл аллергиялық реакция деген болжам жасады. Алайда, бірнеше күн өткеннен кейін, қыздың шашы түсіп, денесінде қызыл бөртпе пайда болды.

35 жастағы баланың анасы Кристина Бонди-Серрато қызды жергілікті төтенше жағдайлар бөліміне алып кетті. Онда оған өмірге қауіпті токсикалық шок синдромы диагнозы қойылды.

Бұл қауіпті токсиндерді шығаратын және ішкі ағзаларға әсер ететін бактериялардың қанға енуі салдарынан пайда болатын сирек кездесетін ауру. Аурудың негізгі белгілерінің бірі - бөртпе.

Қыз антибиотикалық емнен өтіп, қазір аурудан толық айыққан.

Кристина Бонди-Серрато адамдарға бұл сирек кездесетін жағдайдың бар екендігі туралы біліп, оны ерте сатысында қалай емдеу керектігін түсіну үшін өз оқиғасын бөлісуді жөн көрді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 02 Қазан, 2019 16:46
Талқылау