"Дәрігерлер маған екінші өмір сыйлады": Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының соңғы жолаушысы ауруханадан шығарылды

Алматыдағы №4 қалалық ауруханадан Bek Air-дің апатқа ұшыраған ұшағында болған соңғы жолаушы шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жолаушы

Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Барлық жарақаттары жазылды, алдағы уақытта сынған жерінің қайта қалпына келуі бақылауға алынады", - деді №4  қалалық аурухананың хирургия бөлімінің жетекшісі Рафаэль Гайсин.

Емделіп шыққан науқас - Дәулетті 27 желтоқсан күні жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізген. Ол 6 наурыз күні ауруханадан шығарылыпты, жағдайы қазір қанағаттандырарлық дейді дәрігерлер. Дәулет ем қабылдау орталығында 70 күн жатыпты. 

"№4 қалалық аурухананың дәрігерлері ем шараларын нәтижесіне көңілдері толып отыр. Барлығы да дер кезінде орындалып, жағымды әсерін тигізіп отыр. Дәулеттің емін қадағалаған дәрігер - Латко Константин Георгиевич", - делінген ресми хабарламада. 

Ер азамат ұзақ терапиядан өткен көрінеді. Ақ халаттылар Дәулеттің аяғының жұмысын сақтап қалу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасапты. Сегіз рет ота жүргізіліп, біраз күнге дейін науқас төсекке таңылған. 

Дәрігерлер оның ерік-жігері бізге қиын оталарды іске асырумызға арқау болды деп отыр. Науқастардың емделіп шығуы көбіне олардың төзімділігі мен батылдығының арқасы дейді мамандар. 

"Дәргерлерге деген алғысымды сөзбен айтып жеткізер алар емеспін. Осы уақыт аралығында оларды бауырларымдай сыйлап кеттім. Олар мені аяққа тік тұрғызып, маған өмір сүрудің екінші мүмкіндігін сыйлады. Мен хирург мамандардың қолынан мұндай дүние келеді деп ешқашан ойлаппын. Бәріне көп рахмет", - деді Дәулеттің өзі. 

Еске салайық, 27 қаңтар күні Алматы маңында орын алған ұшақ апатында жарақат алған 51жолаушының 21-і №4 қалалық ауруханаға жеткізліпті. Олардың екеуі ем орталығына жеткеннен кейін көз жұмған. Қалған 19-ы тұрақты ем қабылдап, толығымен айығып шыққан. 

Bek Air ұйымына тиесілі Fokker 100 ұшағы Алматы әуежайынан жанында 2019 жылдың 27 желтоқсан күні аптақа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Аптаттың кесірінен 12 адам көз жұмды, олардың арасында ауруханадан емделіп шыққан екінші пилот та бар. 



 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да бөлімшесін өз еркімен тастап кеткен сарбаз ұсталды

Әскери бөлімінің қарапайым әскери қызметкері әскери атыс полигонында қызмет етіп жатқан жерінен өз еркімен кетіп қалған

"Голос країни" шоуында өнер көрсеткен алматылық таксист әділқазыларды тағы да таңғалдырды (видео)

Монатик: Жеңіске жеткізетін орындау болды

Коронавирус кімдерге айтарлықтай қауіп төндіретіні айтылды

Маман барша ана атанайын деп жүрген әйелдерді қорғауға шақырды

Елордада "мейірімді" қылмыскер ұсталды

Қарт әйелді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қазақстанда 2020 жылдың жазында ауа райы қандай болады

Синоптиктер осы жылдың жазы мен күзіне арналған ауа райы болжамын ұсынды

42500 теңге алуға 1 млн табысы бар азаматтар да өтініш берген - Еңбек министрлігі

Осындай екі мыңға жуық азамат өтініш берген

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді

Әнші бұл туралы өзі аййтпаған

Еңбек министрі банкте есепшоты жоқ адамдарға 42500 теңгелік төлемді қалай алуға болатынын айтты

Министр: Банкте есепшот ашуға асықпай-ақ қойсаңыздар болады

Білім министрлігі телеарнадағы сабақтар неге 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді

Шолпан Каринова бейнесабақты көргеннен кейін оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін белгілі бір тапсырмалар алатынын айтты.

Бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгені алатын болды ма? Министр түсініктемесі

Еңбек министр: Ол үшін өз дәрежелеріңізді рәсімдеулеріңіз керек
Çàãðóçêà...