"Біз дәрігерлер қажет емес сияқтымыз": Медбике қазақстандықтардың теріс пікіріне шағымданды

Екатерина есімді павлодарлық медбике Instagram-дағы парақшасында пациенттердің де, ғаламтор қолданушыларының да үнемі жазатын теріс пікірлеріне шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екатерина

Екатерина пациенттерден немесе олардың туыстарынан ешқашан алғыс күтпейтінін жазды, бірақ дәрігерлерге айтылатын тұрақты теріс пікірге қатысты өз ренішін білдірді.

"Кейде маған, біз, дәрігерлер, қажет емес сияқты көрінеміз. Иә, жай ғана қажет емеспіз, өйткені, сіздер барлығын білесіздер, қалай емделуді, дәріне қашан, қандай мөлшерде қажет екенін білесіздер, қалай және қай жерге дұрыс салу керектігін көрсетесіздер. Біз сонда не үшін?  Аяқтарыңызды сүрту үшін бе? Мен қандай да бір алғыс күтпеймін, бірақ жазып отырған сөздер мен пікірлерге жаным жабырқайды", - деп атап өтті медбике.

Екатерина өзі жұмыс істейтін көпсалалы медициналық мекемеде бір уақытта ауысым бойынша төрт медбике жұмыс істейтінін, олардың екеуі бекетте қызмет атқарғанын айтты. Жалпы, бөлімде 70 адам ем алып жатыр.

"Физикалық тұрғыдан алғанда, біз барлығына сіз қалағандай көп көңіл бөле алмаймыз. Біз бұл костюмдерде тұншығып отырсақ та, ауырып жатқан өз туыстарымызға алаңдасақ та, бәріне жанашырлық танытамыз", - деп жазды қыз.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by K A T E R I N A (@katrin_essa_) on

Ол барлығынан жағдайды және дәрігерлер жұмысының нюанстарын білмей, теріс пікірлер жазбауды өтінді.

Екатерина дәрігерлер мен медбикелер қолдарынан келгеннің бәрін жасай отырып, көп жұмыс істейтінін баса айтты. 

Оның сөзінше, әр науқастың ауруханадан аман шығуы, әрбір құтқарылған өмірі - бұл дәрігерлердің еңбегі үшін алғыс.

Бұған дейін Қазақстанда 51 дәрігер коронавирустан көз жұмғаны хабарланды. Қызметі КВИ бойынша іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен байланысты медицина қызметкерлері арасында коронавирус жағдайларының жалпы саны 729 құрайды.

 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр