Дәрігерлер қателесіп тірі науқасты өлді деп "жерлеп" тастаған
Колумбиядағы Барранкилья қаласында дәрігер тірі науқастың көз жұмғанын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
80 жастағы Канделарио Гутьеррес Эрнандес есімді Колумбия азаматы дұрыс дем алмай ауруханаға түскен. Келесі күннің таңғы сағат 7 де дәрігерлер оны қайтыс болды деп есептген.
«Бізге әкеміздің қайтыс болғаны туралы айтты. Ал оның денесін арнайы мәйітке арналған қапқа салып, ауруханаға қалдырды. Бірақ біз жерлеу рәсімімен айналысатын адамдарды шақыртқанбыз, олар әкеміздің тірі екендігін айтты», - дейді қарияның қызы.
Жерлеушілердің бұл сөзіне жақтарын ашып, қарттың отбасысы ауруханаға қоңырау шалған кезде мекеменің мамандары әкелерінің әлі тірі екендігін растапты. Туыстары дереу емханаға жетіп, қолымен қозғалтып, көзін қимылдатып жатқан әкелерін көріп қатты мәз болған көрінеді. Ең өкініштісі, қария сол күні сағат 18:30 ақтық сапарға аттаныпты.
Аурухана басшылығы әлі ресми түрде ештеңе айтпаған. Алдағы уақытта олар пресс-релиз шығаруды жоспарлап отыр. Ал қайтыс болған қарттың туған-туыстары сотқа жүгінетіндігі-жүгінбейтіндігі беймәлім.