Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында дәрігерлер кәріз құдығына батып кеткен баланың өмірін аман алып қалды

Атырау облысында кәріз құдығына түсіп кеткен баланың өмірін жедел жәрдем қызметкерлері аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

жедел жәрдем

Оқиға Мақат ауылында 4 наурыз күні орын алған. 3 жасар бала құдыққа түсіп кетіпті. Баланың әкесі оны өз бетімен шығарып алып, бүлдіршінге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге тырысқан. 

"Әкесі баласын өзі шығарып алып, оған көмек көрсеткен. Бірақ бала есін жимапты. Жедел жәрдемге хабарлаған. Келіп жеткен дәрігерлер реанимациялық әрекеттер жасап, баланың тынысын қалпына келтірген", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігерінің орынбасары Наргиз Баймолдаева. 

Бала жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Дәрігерлер бес сағат бойы оның асқазаны мен басқа да мүшелерін тазалаған. Қазір ұл баланың жағдайы жақсарып келеді. 

 

STAN.KZ
Жексенбі, 08 Наурыз, 2020 08:02
Талқылау