Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер қараудан бас тартқан 3 жасар алматылық бүлдіршін көз жұмды

Бір апта бұрын 3 жасар Саяға Мәскеуде ота жасау керектігі хабарланған еді. Алайда бүлдіршіннің жағдайы оңалған жоқ.

Сая 4 наурыз күні көз жұмды. Анасының айтуынша, екі күн бұрын жағдайы бірден нашарлап кеткен. Ол көпшіліктен қызы үшін дұға етуді сұраған еді.

Жексенбі күні анасы қызының суретін желіге жариялап, “Қош бол, періштем!” деп жазды.

Қайғылы жайтқа ерікті Кира Ударцева үн қосты.

“Осынша күшті қайдан алуға болады? Бұрынғы қатерлі дерттің диагностикасы қайда? Балаларға қатысты заң, протоколды қабылдаушылар, естисіңдер ме? Біздің балаларымыз өліп жатыр. Сіздердің немқұрайлықтарың мен бюракраттықтарыңның кесірінен. Дәрігерлер, тым құрығанда сіздер ондай болмаңыздаршы”, – деп жазды Ударцева желідегі парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Жоғалып кеткен алматылық қыздың ағасы: Желіде сөйлескен жігіт қарындасыммен 3 сағат пәтер жалдаған

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

Назарбаев: Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстанда бәріне қазақ жауапты

Талқылау