Дәрігерлер бөлшектенген денесін жинады: Балқашта 5-қабаттан құлаған қыз аман қалды
Балқашта дәрігерлер 5-қабат терезесінен құлаған қызды аман алып қалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 ақпан күні болған. 5-қабаттан құлаған қыз ауруханаға өте ауыр жағдайда жетті. Бойжеткеннің бас миы шайқалып, аяқ-қолы сынған, өкпесі жарылып кеткен. Травматолог, нейрохирург, хирург және өзге де мамандардан мультидициплинарлық команда құралып, дереу ота жасалды.
Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Жансақтау бөлімінде жатыр, аппарат алынып өздігінен тыныс алуда. Жағдайы ауыр, бірақ бірқалыпты. Мамандар науқастың жарақаты мүгедектікке апармайды деп сендіріп отыр.
“Балқаш орталық ауруханасы дәрігерлерінің біліктілігінің арқасында науқас қыз аман қалды. Мұндай жағдайда адамның аман қалуы екіталай. Сондықтан дәрігерлердің мықтылығын айта кету керек”, – деді басқарманың баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Тағы да оқыңыз:
Керек кеңес: Асқазан жарасын какаомен толықтай емдеп жазуға болады
Алматы облысында 7 айлық сәбиін еденге алып ұрған әйел аналық құқығынан айырылды