Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Bek Air апат болған жерден фотосуреттер мен бейнелер таратпауды өтінді

Алматылық дәрігерлер Bek Air ұшағы құлаған жерден суреттер мен видеоларды таратпауды сұрады. Өйткені бұл зардап шеккендердің психологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

врач самолет

Мамандар олардың психологиялық жағдайы бірқалыпты, бірақ оларға демалу керектігін айтады.  

"Зардап шеккендердің психикасында мидың қайғылы жағдайды ұмытуы үшін қорғаныс механизмі жұмыс істейді. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз қазір осы адамдарға бастан кешкен қорқыныш пен үрей сезімдеріне қайтармау. Мен қазақстандықтарды әуе апаттарынан суреттер мен видеоны жаппай таратуды шектеуді сұраймын. Қазір барлығымыз бір-бірімізге көмектесуіміз керек", - дейді психолог Ксения Зидинская. 

Қазіргі уақытта ауруханада 49 науқас, оның ішінде тоғыз бала жатыр деп хабарланған. Ересектер арасында - Украинаның екі азаматы және бір Қырғызстан азаматы. Кешеден бері 19 ота жасалды, оның екеуі балаларға жасалды. Барлық зардап шеккендер травматикалық шоктан шығарылды.
21 жолаушы № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді - олар ең ауыр «зардап шеккендер». Олардың екеуі клиникада қайтыс болды.

«Жеті адам жан сақтау бөлімінде жатыр. 11 адам мамандандырылған бөлімшелерде. Кешеден бері біз 13 ота жасадық. Енді науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Апаттан зардап шеккен тағы бір әйелді түнде жедел жәрдем жеткізді, ол үйден бригада шақырды. Оның жағдайы тұрақты, емделуде», – дейді № 4 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Монғол Анарбек. 

Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Алматы маңында құлаған Fokker-100 ұшағының 12 жолаушысы жатыр.

"Емделушілер барлық қажетті ем алаып жатыр. Олар түнді тыныш өткізді, ұйықтады, тәбеті бұзылған жоқ. Кеше аяғына ота жасалған науқастыжансақтау бөлімінен палатаға ауыстыру жоспарланып отыр", - деді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов. 

Тоғыз бала жедел көмек көрсету ауруханасының балалар бөліміне жеткізілген. Олардың жағдайы бірқалыпты. 

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау дирекциясының баспасөз қызметі қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық зардап шеккендердің емделуін жеке бақылауға алғанын хабарлады. Ол апатқа ұшыраған Bek Air жолаушылары орналасқан ауруханалардың бас дәрігерлерімен жеке кездесті.
Дәрігерлер, медициналық қызметкерлер және психологтар тәулік бойы жұмыс істейді. Науқастарды емдеуге қалалық және республикалық ұйымдардың барлық мамандары қатысады. Нұр Сұлтаннан травматологтар, нейрохирургтер, торкаральды хирургтары келді. Сонымен қатар, бүгін Алматыға нейрохирургия ғылыми орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов және травматология ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Батпенов келеді.

Барлық ауруханаларда дәрі-дәрмектер мен қан препараттары жеткілікті: 27 желтоқсанда 490 адам донор болды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр