Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Астанада аяғын үсік шалған қыздың хәлі туралы айтып берді

Астанада капрон колготки киіп аяғын үсіріп алған студент қыз №1 қалалық ауруханаға жақызылып, қазір үйіне шығарылған.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, қыз сейсенбі күні хирургия бөліміне түскен екен.

“ҚазМЗУ студенті бізге 23 қаңтарда сағат 13.05 кезінде түсті. Екі санының алдыңғы жағын I-II дәрежелі үсік шалыпты. Қажетті медициналық көмек көрсетілді. Кеше үйіне қайтардық”, — деп хабарлады дәрігерлер .

Қазір бойжеткен дәкесін алмастыру үшін ауруханаға келіп тұрады.

Бұдан бұрын, Астанада студент капрон колготки киіп, аяғын үсіріп алғанын хабарлағаан едік.

Тағы оқыңыз:

Астанада қайырымды жандардан бөлек өз пайдасын ойлайтындар да көбейді

Назарбаева әскери телеарна ашуды ұсынды

“Алтын белгі” төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады

180 мың теңге үшін өлтірген: Түркістанда айуандықпен өлтірілген мұғалім қазасының мән-жайы

Талқылау