Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендер мен жүргізушінің жағдайын айтты

Алматы қалалық денсаулық сақтау орталығы Райымбек даңғылында, №7 қалалық  аурухананың маңында болған жан түршігерлік жол апатынан зардап шеккендер мен жүргізушінің жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті зардап шеккен 50 жастағы әйелдің денесінде көптеген сынықтары бар екенін жеткізді. Ол қазір жансақтау бөліміне жатқызылған. Жағдайы түрлі жарақат пен травматикалық шок салдарынан ауыр деп бағаланып отыр.

Тағы бір жәбірленуші – 55 жастағы ер адам бас-ми жарақаты диагнозымен – нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел де жабық бас-ми жарақатымен және миының жеңіл контузиясымен нейрохирургия бөліміне жатқызылған.

Оқыс оқиғадан зардап шеккен баланы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирург, травматолог, нейрохирургтен тұратын көп салалы бригадасы тексеріп, нәтижесінде "сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің контузиясы" диагнозы қойылған. Оған гипс кигізіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Денсаулық сақтау басқармасы науқастарға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын алға тартты.

Талқылау