Дәрігерлер Алматыда қайтыс болған 97 жастағы кейуана жайлы: Ол коронавирустан көз жұмған жоқ
ҚР денсаулық сақтау министрлігі 97 жастағы кейуананың өліміне себеп болған жағдай коронавирус емес екенедігін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін хабарланғандай, өлім ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан орын алған.
Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды.
Осыған байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім жағдайын коронавирустың салдарынан болды деп есептемеуге шешім қабылдады.
Осымен елімізде коронавирус инфекциясының кесірінен 25 адам көз жұмды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда бір науқас коронавирустан көз жұмды деп айтылған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”