Дәрігерлер 31 жастағы әйелден 8 келі артық өскен етті алып тастады
Фото: Bild Telegram-арнасынан алынды
Таиландтық дәрігерлер 31 жастағы әйелден 8 келі артық өскен етті алып тастады. Олар жасаған ота 6 сағатқа созылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Науқастың анасы қызын көп тамақтанып, аздап артық салмақ қосып алды деп ойлаған. Алайда уақыт өте келе 31 жастағы Нонг Ратчанапорнның тыныс алуы қиындай бастаған. Уайымдаған анасы оны Сатундағы ауруханаға алып барған.
Қазақстандық ғалым әзірлеген қатерлі ісікке қарсы дәрі 160 миллион долларға бағаланды
Науқастың асқазаны егіз бала көтерген жүкті әйелдің ішіне ұқсап қалған. Бастапқыда дәрігерлер әйелді шын мәнінде жүкті деп ойлаған. Алайда ультрадыбыстық зерттеу іштің төменгі бөлігінде ішкі мүшелерді басып тұрған артық өскен етті анықтаған. Дәрігерлердің мәліметінше, ол бірнеше жыл бойы байқалмай өсіп келген. Дәрігерлер оны алып тастады. Алты сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Соңында дәрігерлер өсіндіні алып фотоға түскен.
"Қазір қызымның жағдайы жақсы. Ол таңғышын күн сайын ауыстырады. Қызым өзін жақсы сезініп жүр, бұрынғыдай нашар емес", - деді Нонгтың анасы.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарлық әйелдің денесінен 19 литр болатын үлкен ісік алып тасталғаны туралы жазған едік.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
