Дәрігерлер үлкен ісікпен дүниеге келген сәбиді екібасты деп ойлаған
Анасының жатырында жатқан кезде бұл баланың жүйке түтікшесіне зақым келген. Сондықтан да туған кезде оның басында үлкен ісік пайда болған.
Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ісіктің үлкендігі сәбидің басымен бірдей болғандықтан, дәрігерлер жаңа туған баланы екібасты деп ойлапты.
Ерекше бала Қытайдың солтүстігінде 14 ақпан күні дүниеге келген. Баланың отбасы кедей болғандықтан, оны емдетуге қаражат таппаған.
Сол шақта отбасының алыс туысы Ли Ялинг сәбидің жағдайы туралы естіп, көмектесуге бел буған-ды. Ол бала туралы видео-роликті ғаламторға жүктеп, халықтан көмек сұраған. Сәбидің тағдыры қоғамның назарын бірден аударды.
Бұдан кейін Ли Ялинг сәбиді Пекинге алып бару жауапкершілігін өз мойнына алып, тіпті алыс туысы үшін өз жұмысын тастап кеткен.
Әзірге Пекин университетінің дәрігерлері нәрестеге түрлі ем-дом шараларын жасауда. Алайда ісікті алып тастау үшін ақ халаттылардың қашан ота жасайтыны белгісіз.
Жіберіп алмаңыз:
Әлемдегі ең улы жылан кен балғаның көмегімен ұсталып, орманға жіберілді
Африкалық Кардашьян: Бойжеткен үлкендігі 1,5 метр болатын бөксесін көрсетіп мақтанды (фото)
Бермуд аралынан төрт жыл бұрын көмек сұраған жолаушының бөтелкеге салынған хаты табылды
Бала күтуші солярийге бару үшін 11 айлық сәбиге ұйықтататын дәрі беріп келген