Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер тісті дұрыс тазалаудың 5 әдісімен бөлісті

Тіс тазалаудан оңай нәрсе жоқ дерсіз. Бірақ тісіңіз ауырып, мазаламасын десеңіз, оны дұрыс тазалануын қадағалаңыз. Стоматолог маман ауыз қуысына қалай күтім жасау керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AiF басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Cтоматолог-ортодонт Татьяна Яворовская алдыңғы тістердің алдыңғы және артқы жағын тазалау жеткілікті дейді. Ал азу тістердің бетін мұқият тазалау керек. 

“Ауыз қуысына түскен тамақты азу тістердің көмегімен шайнайтындықтан оның қуыс-қуысында тамақ қалдықтары қалып қоюы әбден мүмкін. Ал ұсақ тамақ қалдықтары кариестің пайда болуына әкеліп соғады”, – дейді дәрігер.

Тісті тарап, яғни жоғарыдан төмен қарай тазалу арқылы тіс арасында тұрып қалған тамақ қалдықтарынан арыласыз. Ал қалдықтар қалып қойған жағдайда бір-біріне тиіп тұрған тістерде кариес дамып, басқа тістерді де зақымдайды. Мұндайда тіс тазалауға арналған жіптерді пайлануға болады. 

Үй жағдайында тістер мен қызыл иекке, сондай-ақ бүкіл ауыз қуысына кешенді күтім жасайтын ирригатор қолданғаныңыз жөн. Ирригатор сұйықтықты бар қысыммен жіберіп, оның көмегімен эмаль мен жұмсақ тіндерге зақым келтірместен тістердің бүйір қабырғалары түбірін тазалайды.

Тісті дұрыс тазалаңыз:

  • Үстіңгі тістерді жоғарыдан төменге қарай тазалау керек;
  • Астыңғы тістерді төменнен жоғарыға қарай тазалау керек;
  • Азу тістердің беткі жағын тістің шеткі жағынан бастап ортасына қарай ысырып жуған дұрыс. Себебі щетканы алға-артқа қозғалту арқылы өңезді (налет) тазалаудың орнына, басқа тістерге жағасыз. 

Ауыз қуысын тазалау барысында тілді де ұмытпаңыз. Өйткені тілдің беткі қабаты кедір-бұдыр болғандықтан онда өңез жиналып қалады. Сілекей тілдің беткі қабатындағы өңезді барынша тазалауға көмектеседі. Дегенмен тіс щеткасындай мұқият тазалай алмайды.

 

Талқылау