Дәрігер танымал өнімнің адам ағзасына зиянын атады
Дәрігер және нутрициолог Мария Тихомирова сүрленген шұжықты жиі тұтыну ісіктің пайда болу қаупін арттыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Дәрігердің сөзінше, шұжықтың құрамында қоспалар саны өте көп: соя, дәмді күшейткіш, нитрат, консерванттар, сапасы төмен майлар.
"Оның құрамында ет те бар. Дегенмен сапасы күдік тудырады. Мұндай шұжықтар гистамин деңгейін арттырады, сондықтан аллергиясы барларға тұтынбаған жөн. Ал құрамында көп мөлшерде кезедесетін нитрозодиметиламин асқазан ісігінің пайда болу қауіпін арттырады", - деді Тихомирова.
Бұған дейін дәрігер өмір жасын ұзартатын өнімді атаған еді. Оның айтуынша, теңіз балығының құрамындағы омега-3 қышқылы адам ағзасына оң әсер етеді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі