Дәрігер кофе қай кезде пайдалы, қай кезде ағзаға улы болатынын ажыратып айтты

Кардиолог Аурелио Рохас егер кофені таңертең ғана ішсе денсаулыққа пайдасы болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі El Español порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Рохас атап өткендей, ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, таңертең кофе ішу ерте өлім мен жүрек ауруының даму қаупін азайтады. Ал бұл сусынды күндіз ішсеңіз, оның пайдасы толығымен жоғалады.
Мұның себебі тәуліктік циркадтық ритмнің өзгеруі мен ояту және демалу гормондарының деңгейінің бұзылуында.
Ал Диетолог Луис Самора кофе табиғи және әртүрлі зиянды қоспаларсыз болуы керек екенін алға тартты. Айтуынша, торрефакто технологиясын қолданған кезде, яғни дәндерді қантпен қуырып тұтынса, адам ағзасына улы қосылыстар пайда болады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"