Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер аяздың ағзаға тигізер бес пайдасын айтты

Қақаған аяздың да адам ағзасына пайдасы бар болып шықты. Кардиолог Алексей Жито желтоқсанның суық күндерінде серуендеп, иммундық жүйені нығайтуға болатынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Доктор Питер басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Маманның айтуынша, аяз адамның денесін шынықтырып, иммунитетті күшейтеді. Адам суықта жүргенде мұрын мен тамақтың шырышты қабатындағы қан тамырлары кеңеймейді. Дене температурасы тұрақтылығын сақтайды. Сәйкесінше зиянды микроорганизмдердің көбеюіне еш мүмкіндік жоқ.

Екіншіден, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінің жұмысы жақсарады. Себебі суықта біз өте тез жүреміз немесе жүгіреміз. Сондай-ақ демалыста тауға барып, коньки немесе шаңғы тебеміз. Бұл да жаттығудың бір түрі. 

Аяздың тағы бір пайдасы, терінің жақсаруына көмектеседі. Егер тері майлы болса суықта беттегі ұсақ тесіктер тарылып, жылтырамайды. Бөртпелер де азаяды. Ал бет терісі құрғақ адамдар ылғалдандыратын кремді жиі қолданғандары жөн.

Қыста аязды күнде серуендеу психикалық күйзелісті жеңілдетеді және күйзеліспен күресуге көмектеседі. Ғалымдар аязда серуендеу бақыт гормоны – серотониннің түзілуіне ықпал ететінін дәлелдеген. Адам суықта жүрсе вегетативті жүйке жүйесі күшейеді. Сәйкесінше ондай адамдар күйзеліске төзімді болады. 

Талқылау