Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер қант диабетінің 6 ерекше белгісін айтты

Елімізде 400 мыңнан астам адам қант диабетіне шалдыққан. Сондай-ақ олардың саны жыл сайын 20 мыңға көбеюде. Көпшілік аталмыш дерттің алғашқы белгілеріне назар аудармайды. Осы тұста мамандар қант диабетінің ерекше симптомдары қандай екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Доктор Питер” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Дәрігерлер келесі белгілерді байқасаңыз дабыл қағу керегін айтады:

Біріншіден, қант диабетіне шалдыққан науқасты шөл қысып, кіші дәретке жиі барады. Сонымен қатар сырқаттың алғашқы кезеңінде ауыз қуысы қабынып, пародонтит пайда болады. Оның соңы қызыл иектің және тіс тамырының зақымдануына әкеліп соғады. Пародонтит белгілері:

  • қыз иектің қызарып, ісінуі;
  • ауыз қуысын тазалағанда тістердің босауы. 

Екіншіден, қант диабетімен ауыратын адамның ауызынан жағымсыз иіс шығады. Ол шіріп кеткен жемістердің немесе тырнақ бояуын кетіретін ацетонның иісіне ұқсайды. 

Дертке шалдыққанның тағы бір белгісі – теріде дақтардың пайда болуы. Адам ағзасындағы қант деңгейінің жоғарылауы теріге де кері әсер етеді. Шынтақ, мойын, қолтық пен шап терісінде қоңырқай дақтар пайда болады. 

Мамандардың айтуынша, қышыма да қант диабетінің белгілері болуы мүмкін. Мысалы, денеңізге бұрын соңды шықпаған шиқан немесе теріскен пайда болғанын байқайсыз. Ем алып, арада біраз уақыт өткенде олар қайта пайда болады.

Қант диабетінің тағы бір ерекше белгісі – көздің көруі нашарлайды. Ағзадағы шамадан артық қант мөлшері көздегі майда қан тамырларын зақымдайтындықтан, көру қабілетіңіз күрт нашарлап кетеді. Онымен қоса қант диабеті кезінде есту қабілеті де төмендейді. Организмдегі қант құлақтағы қан тамырлар мен жүйке талшықтарын зақымдайды. Сол себепті дертті асқындырып алмай, дер кезінде дәрігерге қаралған жөн. 

Талқылау