Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер қансыраған жүкті әйелді сегіз сағат бойы ауруханаға дейін көтеріп апарып, оның өмірін сақтап қалды

Үндістанның Одиша штатында жас дәрігер мен оның ассистентері сегіз сағат бойы науқасты ауруханаға дейін көтеріп апарып, оның өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жүкті әйел

Радхешьям Джена есімді жас маман Одишидің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта орналасқан ауылға келген. Ол жергілікті балаларға екпе егу керек болған. Осы кезде жас дәрігер ауыл тұрғыны болып саналатын әйелдің босанып жатқан жерінен түскен. Әйел егіз балаларға жүкті болыпты, бірақ олардың біреуі ғана дүниеге келген. Содан кейін босанған азаматшаның ағзасынан қан кетіп, жағдайы күрт асқынған. Джена оған тек ауруханадағылар көмек көрсете алатындығын бірден ойлапты.  

Ең жақын медицина орталығы 30 шақырым қашықтықта орналасқан көрінеді. Ол жерге жету үшін жолсыз таулы аймақтан өту керек болыпты. Әйелді қолдан жасалған ағаш зембілмен көтеруге тура келген. Оған әйелдің туыстары мен ассистенттерін қосқанда сегіз адам көмектесіпті. 

Егіздерге жүкті болған әйелдің екінші баласы шетінеп кетіпті, дегенмен дәрігерлер азаматшаның өзін құтақарып алған. Мамандар қазір оның денсаулығына байланысты алаңдаудың қажеті жоқ екендігін жеткізген. 

 

Талқылау