Дәрігер: Кальян шегу өкпенің қатерлі ісігіне алып келеді
Танымал ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников кальянның денсаулыққа деген кері әсері темекіден де асып кететінін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігердің сөзінше, кальянның өкпенің қатерлі ісігіне соқтыруы ғажап емес.
"Біз кальянның түтінің бір рет ішіміге тартқанымыз бір жарым қорап темекі шеккенмен бірдей. Кальян түтінімен өкпеге шоқтың майда бөлшектері енеді. Бұл тыныс алу мүшелерін күйдіріп жібереді. Өз кезегінде өкпенің бұлай зақымдануының арты обыр дертіне әкеп соғуы мүмкін", - дейді Мясников.
Маман шылым шегудің қауіпсіз түрі болмайтынын алға тартты. Ал сигара немесе басқа да никотинді түтіктерді пайдалану ауыз қуысының қатерлі ісігін тудыратын жеткізді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ