Дәрігер ішек қатерлі ісігінің негізгі белгілерін атады
Dr Fox Pharmacy британиялық онлайн клиникасының докторы Дебора Ли нәжістегі қан мен іштің төменгі жағының ауырсынуы ішектің қатерлі ісігінің негізгі симптомдары екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Дәрігердің айтуынша, ішек қатерлі ісігінің бірқатар белгілері аурудың үшінші немесе төртінші сатысында байқалады. Десе де, сырқаттың кейбір белгілері қатерлі ісіктің даму барысында пайда болады. Қатерлі ісіктің бірінші сатысында ешқандай ауырсыну сезімі болмайды, симптомдары да білінбейді.
Ал соңғы сатыларында:
- Нәжістегі қан;
- Тік ішектің қанауы;
- Диарея немесе іш қату кезінде іштің төменгі жағының ауырсынуы байқалады.
Аталған белгілерді дер кезінде байқасаңыз, қатерлі ісікті жеңу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары.
Бұған дейін аптап ыстықта балмұздақ жеудің қаупі туралы жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”