Дәрігер ерлі-зайыптының мәйітін 30 жыл бойы тоңазытқышта сақтап келген
Фото: istock.com
Финляндияда 30 жыл бойы мұздатқышта сақталған ерлі-зайыптылардың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турку қаласындағы жеке үйден полицейлер ерлі-зайыптылардың мүрделерін тапты. Олар шамамен 30 жыл бойы мұздатқышта сақталған.
Құқық қорғау органдарының назарын 80 жастағы дәрігер аудартқан. Ол ритуалдық қызметтер көрсетумен айналысқан және соңғы айларда күмәнді әрекеттерімен полицейлердің қырағылығын тудырған екен.
Үйді тінту барысында бірнеше мұздатқыш табылып, олардың ішінен 1994 және 1995 жылдары қайтыс болған ерлі-зайыптылардың денесі анықталды. Негізі олар жерленуі тиіс болған, алайда бұл орындалмаған.
"Туркудағы жеке үйдің қойма аумағында екі адам мұздатқышта сақталған. Марқұмдардың денесі екі бөлек мұздатқыштан табылды", — деп мәлімдеді Оңтүстік-Батыс Финляндия полициясының детективі Лассе Пунктуате.
Талқылау

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
Сөздерінше, осылайша олар кеміргіштерден бұрын құстар мен тиіндерге, мысықтарға зиян келтіреді