AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаеваның өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды

Парламент мәжілісінің отырысында Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Дариға Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр", – деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

101 депутаттың 99-ы қаулыны жақтап дауыс берсе, біреуі қалыс қалды.

Еске салсақ, 25 ақпанда Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді. Ол өз үндеуінде қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналысатынын айтты.

Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері мәжіліс отырыстарына қатысқан жоқ. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр