Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева: Әкімдіктер Астанадан келген қонақтарға сыйлық беріп барын салады

ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева жергілікті әкімдіктердің Астанадан келген қонақтардың көңілінен шығуға барынша тырысатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

photo_176861

«Біз жеңілдік шарттарымен баспана бөлуді, жалдау құнын міндетті түрде өтеуді, зейнет жасындағы мемлекеттік қызметшілерге жеңілдіктер ұсынуды, балаларын кезектен тыс балабақшаға орналастыруды ұсынамыз. Мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуге арналған шығыстар құрамында өкілдіктік шығындарды қарастыру керек. Орталық, облыстық, аудандық тараптан  кез келген тексерушілерді міндетті түрде күтіп алып, қандай да бір сыйлық беріп жатады. Мұның бәрін жою үшін өкілдіктік шығындарды қарастырған жөн», – деді аталған комитетте өткен «ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Осы ретте Дариға Назарбаева өкілдіктік шығындарды қатаң регламенттеу керектігін баса айтты. «Бұл процедураны немесе өңірге сапармен келгендерді қабылдау тәртібін қатаң регламенттеу қажет. Бұл жерде де қатаң тәртіптің болғаны жөн. Әкімдіктер Астанадан келген қонақтардың көңілін табуға барын салып жатады», – деді Назарбаева.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, өңірлерге іссапармен барғандардың пара алу деректері жиі кездесетіндігін атап өтті. «Қаржы министрлігінен Қарағанды облысына тексеріспен барыпты. Ақша қаражаттарын алғандарымен қоймай супермаркеттердің біріне кірген олар бастан-аяқ киініпті. Ақыр аяғы ұсталып, 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды», – деді ол. Дариға Назарбаева агенттік  төрағасының орынбасарынан аталған қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін білмегендігін сондай қадамға барған шығар деп сұрады.

«Меніңше, бүгінгі күні басшылар жемқорлыққа қарсы саясатты, заңдарымызды біледі. Біз барлық дерлік мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдеп нормаларын бұзу салдары бейнеленген видеолар көрсеттік. Қалай десек те төменде бар психология өзгеріп келеді. Бірақ, меніңше бір жылдың ішінде өзгере қоймайды. Оған уақыт керек», – деді Шпекбаев.

Тағы да оқыңыз:

Тілеуханов министрге: Тұрсыновтың ешкісі Сартай батырдан, Сәбинка келін Керей мен Жәнібектен артық па?

Сотта Тұңғышбай Жаманқұловтың жүрек талмасы ұстап қалды

Елімізде қойнауы қазба байлыққа толы 100 жер учаскесі сатылымға шығарылады

Талқылау