Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Дариға Назарбаева ҚР парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалсын», – деп жазылған президент жарлығында.
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева 1963 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған.
Михайл Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған.
1985 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1992 ж. — «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті.
1994 ж. — «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.
1995 ж. — «Хабар» агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1998 ж. — «Хабар» агенттігі» АҚ президенті.
2001 ж. — «Хабар» агенттігі» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы.
2003 ж. — «Асар» партиясының лидері.
2006—2007 жж. — «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары.
2004—2007 жж. «Асар» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты болып сайланған.
2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің төрайымы.
2015 жылдың 11 қыркүйегінен – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары
Жіберіп алмаңыз:
Елбасы ҚР Үкіметінің жаңа құрамын бекітті
Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды
Иманғали Тасмағанбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болды