Дариға Назарбаева өзін елбасының мұрагері ретінде қарастыра ма
ҚР парламенті сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында Сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Сіз өзіңізді билік мұрагері деп санайсыз ба?» деген сауалға Дариға Назарбаева:
«Мен өзімді Отанына адал әрі шын берілген, президенттің командасындағы адам ретінде санаймын. Сондықтан мұрагерліктің айналасындағы болжамдар мен жорамалдар спекуляция болып табылады», – деп жауап қатты.
Айта кетейік, Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұның алдында ол ҚР премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Жаңа үкімет жасақталғаннан кейін қазнетте сүйінші сұрап бір-бірін құттықтаушылар көбейді
Елімізде білім мен медицинаға бөлінуі тиіс қыруар қаржы сыртқы қарызды жабуға жұмсалып жатыр
Кәрімовтің қазасына көңіл айтып барған Назарбаев Өзбекстанға астық сату мәселесін де шешіп келген
Талқылау