Дариға Бадықова Серік Ибрагимовпен ән жаздырды
Актриса Дариға Бадықова енді әншілікке бет бұрды. Ол Серік Ибрагимовпен бірігіп ән жаздырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қос жұлдыз өзбектің "Алло" әнін қазақша шырқаған. Әннің сөзін танымал ақын – Құрманай Бақтиярқызы жазған.
"Менің ән айтқаныма таң қалмаңыздар, ағайын. Негізі бітірген оқуым – музыкалық драма. Сондықтан бір адамдай әу дейтініміз бар енді. “Екі жұлдыздан" да көріп, байқап, бағасын берген - өздеріңіз. Сондықтан Серікпен айтқан дуэтімізге де оң бағасын берерсіздер деген үмітім жоқ емес. Плагиат қой, өзбектің әні ғой деп артқа тартудың керегі жоқ. Өнердің шегі мен шыңы жоқ, халқым! Өзбек болса да өз ағамыз. Өз басым өзбек әкалар қазақтың әнін шырқаса қуанар ем. Сондықтан қуана білейік, қолдай білейік", – деп қуанышымен бөлісті актриса желіде.
Сол сияқты Серік Ибрагимов те жаңа әнді парақшасында бөлісіп, уақытынан бұрын сынамауды өтінді. Ол Дариға Бадықованың әлі талай әншілік қабілетімен таңғалдыратынын жеткізді.
"Бірден жерден алып, жерге салу жоғынан! Анау-мынау өзбектің әні екен ғой, өзімізде ән қалмады ма деп мысымызды басып тастамаңыздар! Айсара жеңешемнің ұнатқан әні маған да қатты ұнады! Сіздердің көңілдеріңізден шықса біз қуанамыз!
Бір-бірімізді қолдайық, сосын бастысы өте ерекше қатты ұнайтын актриса Дариға ханым әлі біраз сіз бен біз таңғалатын дүниелер жасауына сенімдімін! (Ән әлемінде) Бәріміз қолдап жіберейік, шли ішіңізге сыймай жамандағыңыз келсе, менің дайрегім ашық", – деп жазды ол.
Тыңдармандардың басым бөлігі бұл жаңалықты жылы қабылдады. Көпшілігі Дариға мен Серіктің даусын ажырата алмай қалған.