Дариға Бадықова күйеуі мен қайын ағасына қажылыққа жолдама сыйлады
Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуі мен қайын ағасына Меккеге жолдаманы табыс етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/dariga_badykova
“Мен екі адамға құнды сыйлайтын болып шештім. Өзімнің атымнан күйеуім мен туған қайын ағамды Меккеге жібергім келді. Қасиетті Меккеге жолдама мен үшін құнды сыйлық. Аман-есен барып келсе екен. Сіздердің отбасыларыңызға да баруды нәсіп етсін”, – дейді актриса.
Желі қолданушылары өнер иесіне тілектес екендерін айтып, ақжарма тілегін арнады.
“Ниеттеріңіз қабыл болсын”, “Алла тілеген дұға-тілектеріңізді қабыл етсін”, “Ниет кабыл болсын бізге жұғысты болсын”, – деп жарыса жазды.

Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"