Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретханадан табылған қыздың жақындары сәбиді жатқа бергісі жоқ

Жамбыл облысында дәретханадан табылған нәрестені жақындары жатқа бергісі жоқ. Немересін бауырына басқысы келетін нағашы әжесі қазір қажетті құжат жинап жатыр.

жансая

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Дегенмен өз немересін қайтарып алуды тек сот шешпек. Өйткені заң жүзінде бала мен асырап алушы әйелдің жас айырмашылығы 45-жастан көп болса жаңа туған нәрестені бауырына басуға мүмкіндігі жоқ.

Бибігүл Мәжіғұлова қартайғанда туған қызының қылығы үшін қымсынғанына қынжылады. Бұған дейін немере сүйген әйел екінші мәрте әже болатынын білмепті. Онсызда сұмдық оқиғаны естігелі есім кіресілі-шығасылының күйін кештім деген ол, жиеніне таласқан жұрттың әрекеті жаныма батты дейді.

Өз баласын өлім аузына тастаған келіншек Тараздағы дәмханалардың бірінде даяшы болған. Бар тапқанын ауылдағы анасы мен екі жастағы қызының ас ауқатына жұмсаған. Бұған дейін тұрмыс құрған оның ажырасқаны мәлім. Анасының айтуынша бұл жолы отбасылы еркектен жүкті болып қалған. Әкесі баладан бас тартпайтынын айтыпты. Босанбас бұрын аяғы ауыр келіншек өз – өзіне қол жұмсамақ ниетінде дәрі ішіп, ауыр халде ауруханаға түскен екен. Дәрігерге тіркелгені арқылы тәртіп сақшылары дереу тауып алды. Енді ол аналық құқығынан айрылуы немесе 4 жылға сотталуы мүмкін.

Нәжіс арасында қалған Жансаяны жақын маңдағы отбасы ажал аузынан арашалап қалған. Олар көпшілік болып қонаққа бара жатып, жолда дәретханаға тоқтаған. Шұңқырда шырылдаған дауысты алдымен келіні естіп, дереу тәртіп сақшыларына хабар берген.

«Қарасақ, туалеттің ішінде бұрышына қарай, жатыр екен кішкентай әлди. Оң жаңбасымен беті бері қараған. Қол -аяғы қимылдап жатыр. Сол дауысты естіп көрдік, сосын жолдасым хабар берді дереу»,-дейді Тараз қаласының тұрғыны Гүлайым Көбәділова.

Өз баласын өзектен тепкен ана ауылдан 60 шақырым жердегі дәретханада тастап кеткен. Бұл жерге қалай және кіммен келгені беймәлім. Абырой болғанда туыла салысымен шамамен жарты сағаттан соң Көбәділов отбасы мінген көлік тоқтап, тірі қалуына себепкер болды. Әзірге бөбектер үйіндегі Жансаяны кім бауырына басатыны белгісіз.

Бұған дейін бұл балақайды асырап алуға ниетті Ахметовтар отбасы құжат жинап, балалар үйіне келіп Жансаямен кездесіп кеткен еді.

Читайте также:

Doll on the rocksМладенцы на трассах: почему женщины в Казахстане убивают собственных детей

Талқылау