Дәретханада ұзақ отырған қытайлық ер адамның тік ішегі түсіп қалды
Қытай тұрғыны унитазда ұзақ отырып, ойын ойнағаннан кейін ауруханадан бірақ шықты, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Оқиға Қытайдың Чжуншань қаласындағы Гуандун елді-мекенінде орын алған. Унитазда ұзақ отырған ер адам «біртүрлі заттың» шыққанын байқаған. Ауруханада жатқан ер адам әдетте дәретханада ойын ойнағандықтан ұзақ отыратынын айтты. Ал дәрігерлер «ұйыған заттың» ер адамның тік ішегі екенін анықтаған.
Дәрігерлердің сөзінше, тік ішектің түсіп кетуі унитазда ұзақ отырғаннан болуы мүмкін. Ер адамның денсаулығын бақылаған дәрігердің айтуынша, бірнеше жыл бұрын оның денсаулығында қиындықтар пайда болған. Алайда тиісті ем қабылдамағандықтан, дерті асқынып кеткен. Қазіргі уақытта есімін жасыруды жөн көрген ер адам сауығып келеді.
Айта кетсек, тік ішектің түсіп кетуі көбіне егде жастағы адамдар мен балаларда болады екен.
Оқи отырыңыз:
Жастай босанған бойжеткен сәбиін аяқ киім қорабына салып, төсек астына тығып кеткен
Сәбидің шығып келе жатқанын сезген әйел аурухана дәлізінде босанып қалды (фото)
Блогер танымалдық үшін қызып тұрған газ плитасына қолын күйдірді (видео)
Атасының қатігездігі үшін ашыққан жапониялық әйел салмағы 16 келі кезіндегі суретін көрсетті (фото)