Дәретханалар бір-бірінен бөлінбеген: Шенеуніктер Талдықорғандағы мектеп құрылысына байланысты жауап берді
Талдықорған қаласындағы атүсті жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін мектепте бөлу аралықтары жоқ дәретхана салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Astana tv" арнасына сілтеме жасап.
Оқушылардың ата-аналары білім ордасындағы мұндай келеңсіздікке байланысты Instagram әлеуметтік желісінде шағымдарын білдірді. Жазбада дәретхананың суреті де жарияланған.
Айта кету керек, бұл білім орнын жөндеу жұмыстарына 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Ал толық жөндеуден өткен орында арнайы бөлме мен тіпті құлып та жоқ.
Облыстық білім басқармасы білім ордасындағы олқылықтар 17 қыркүйекке дейін реттеледі деп уәде берді.
"10 адамға лайықталған ішкі дәретхана құрылғысы жобамен Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормалары мен ережелеріне сәйкес қамтамасыз етілген. Жоба бойынша мектеп ғимаратында оқушылар мен мұғалімдердің жалпы санына дәретхана орнатылды", – деген Алматы облысының білім бөлімі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”