Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда сыныптастары ұрып өлтірген 5-сынып оқушысының ісі: Білім министрлігі пікір білдірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Түркістанда мектеп дәретханасында соққыға жығылып, артынша ауруханада көз жұмған 5-сынып оқушысының өлімі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері 10 жасар баланың өлімін зерттеп жатыр. ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова пресс-конференцияда бала өлімінің үлкен трагедия екенін айтты. Сәйкесінше, комитет өкілдері жағдайды ести сала Түркістан қаласына жол тартқан. Бүгінде тергеу шараларының жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Баланың жақындарынан ақша бопсалады деп сыныптасын кінәлап, асығыстыққа бой алдырмауын өтінді. 

"Менің ойымша, қорытынды жасауға асығудың қажеті жоқ. Тиісті органдар іс-шараларды аяқтауы тиіс. Тек содан кейін ғана шешімдер қабылданады. Мектеп қабырғасында бопсалауға жол жоқ. Оған қарсы ең қатал шаралар қолданылуы керек", – деп жауап берді Каринова.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясындағы 10 жасар оқушының өлімі туралы айтылған болатынҚатты соққыға жығылған балаға аурухана дәрігерлері еш көмек көрсете алмады.

Туыстары баланың мектеп дәретханасында жәбір көргеніне сенімді. Соққы салдарынан жәбірленушінің бас сүйегі сынған, бауыры езілген. Баланың отбасы жағдайды мектептегі ақша үшін бопсалау мен әлімжеттік көрсетудің дәлелі деп біледі. 

Өз кезегінде мектеп директоры бұның қауесет екенін айтып, білім ордасындағы қысым жасаудың кез келген мүмкіндігін жоққа шығарды.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 20 Қазан, 2021 17:20
Талқылау