Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрет сындырып, колонкаларын ұрлап кеткен: Семейде бұзақылар жаңартылған жерасты өткелдерін жасалмай жатып талқандаған

Семейде жаңартылған жерасты өткелдерін бұзақылар ластап, дыбыс шығаратын бес колонканы ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан 

Қалада сегіз жерасты өткелі бар. Олардың барлығының қабырғалары ұлттық нақышта әрленіп, қазақ сазгерлерінің суреттері салынып, жөңдеу жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Батырхан Шүкеновтің бейнесі салынған.

Бұл өнер адамдарының туындылары күндіз-түні ойнап тұру үшін жер асты өткеліне дыбыс шығаратын бес колонка орнатылыпты. Алайда бұзақылар соның бәрін ұрлап кеткен. Ол аздай, өткелге дәрет сындырып, қабырғаларын айғыздап тастаған. Жергілікті әкімдік қастық қылғандарды ұстау үшін тәртіп сақшыларына шағым түсірді.



“Былтыр барлық сегіз өткелге бейнебақылау камераларын орнаттық. Және осы жұмыстар аяқталуға жақын қалғанда, бұзақылар дыбыс шығаратын құрылғаларды ұрлап кетті. Іс тіркелді. Полиция қызметкерлері осы жерге келіп, арыз жазды. Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерік Шағанов.

Талқылау