AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрет сындырған: Нұр-Сұлтанда лифтіде бейәдеп қылық көрсеткен ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған

Нұр-Сұлтанда сыртқы бейнебақылау камералары ер адамның тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтте дәрет сындырған ер адамды түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Полицейлер қылмыскерді видео арқылы анықтап, ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

видеодан скриншот

Полицейлердің мәліметінше, 47 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны анықталды. Қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарады.

"Полиция өз қызметінде негізгі қағидаттарды: әділеттілік пен заңды бұзғандар үшін жазаның бұлтартпастығын басшылыққа алады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ортақ үй мүлкіне зиян келтіргені үшін кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады.

Тәртіп сақшылары мұндай фактілерге жедел түрде ден қойып, заңды процессуалдық шешімдер қабылдайды", – деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр