Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді
Украиналық «Голос. Дiти» вокалдық конкурсының жеңімпазы Данэлия Төлешова «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне өзінің арманы туралы айтып берді.
«Мен биыл өзім табыс таба бастадым. Көптен бері танымал брэндтердің бірінен ұялы телефон алғым келіп жүрген, соны алдым. Жаңа жылға өзіме сыйлық жасағым келді. Туыстар мен ата-анам да сыйлық жасады, әрине»,-деді Данэлия Төлешова.
Қазіргі уақытта жас әнші мектепте оқып жүр, ал студиядағы жұмыстарын уақытша кейінге қалдырған. Данэлия өзінің мектебінде де танымал, соңғы уақытта оған мектеп оқушылары да көптеп көңіл бөле бастаған екен.
«Мен әдемімін, ақылдымын әрі жақсы оқимын. Сол себепті ылғи да балалардың назарындамын. Бірақ мен үшін ол маңызды емес. Менің қазіргі бар ойым оқу мен жанымдай жақсы көретін өнерім. Мен інім мен әкем туралы көп ойлаймын және оларды жақсы көремін»,-деді Данэлия.
Данэлияның айтуынша, ол әлемді шарлап, саяхаттағысы келеді екен. Әнші Дженнифер Лопес, Бейонсе, Ариана Гранде, Майли Сайрус және Ники Минаж сияқты жұлдыздармен бірге қызыл кілеммен жүріп өтуді де армандайды. Сонымен қатар оның актриса болсам деген арманы бар.
«Мен әлемдік жұлдыздар сияқты кәсіпқойлардың қатарында болсам деймін. Ол үшін маған көп еңбек ету керектігін жақсы түсінемін. Мен сондай-ақ танымал голливудтық фильмге түскім келеді. Мысалы: «Алиса ғажайыптар әлемінде» сияқты фильмге. Бұл әрине, керемет болар еді»,-дейді Данэлия.
Сондай-ақ, жас әнші өзінің болашақ жоспарларымен де бөлісті. Қазір ол «Евровидение -2019» балалар байқауына қатысу үшін жақсы ән таңдап жүр. Жақында ғана Украиналық «Голос. Дiти» вокалдық конкурсының жеңімпазы өзінің өнеріне тәнті балалармен кездесті.
Оқи отырыңыз:
Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады
Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты
Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті
Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды
Геннадий Головкин Шымкентте дүркіреп өткен тойға арнайы қонақ болып келді