Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Жаналинов қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен Данияр Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаналинов

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист. Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады.

2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Дидар Халық
Жұма, 13 Тамыз, 2021 14:02
Талқылау