"Өзім сияқты адамдарға көмектескім келеді": Жүрек трансплантациясын күтіп отырған 20 жастағы жігіт болашақтан зор үміт күтеді
20 жастағы алматылық Данияр Байбулаев туабіткен жүрек ақауы дертіне ұшыраған. Небәрі 6 жасында тұмаудан соң жүрегі үлкейіп кеткен. Төрт жылдан бері жүрек трансплантациясында кезекте тұрған бозбала қан ұйытпайтын аппаратқа және отадан кейінгі оңалту жағдайына қаражат керек екенін айтады. Данияр Stan.kz редакциясына берген сұхбатында алдағы жоспарлары, мотивацияны қайдан алатыны туралы және өзі сияқты дертке шалдыққандарға уәжін айтты.
"Бойымдағы ақау алты жасымда анықталған, бір айдай тұмаумен ауырып, кейін аяғым жүрмей қалды. Диагностикалық орталықта тексеруден өткен соң менің жүрегім қатты үйлкейіп кеткендігі анықталды. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылдым, сол жерде өкпемнен екі литр сұйықтық шығарылды. Осыдан кейін ұзақ уақыт ауруханада жаттым, тіпті әрбір үш ай сайын 10 жасыма дейін ауруханаға жатып шығып жүрдім", - деп еске алады ол.
Жүрек қақпақшаларым механикалық
Айтуынша, 12 жасында оған жүрек клапандарына операция жасалған, содан бері жүрек клапандары механикалыққ алмастырылған.
"Өзімі қатты нашар сезіндім. Сызғанов институында ғана маған ота жасауға келісім берді. 12 жаста болған кезімде тамақ іше алмай, тыныс ала алмай, оттегі толған баллондармен демалып жүрдім. Тұншыққаннан жатып ұйықтай алмай, отырып ұйықтайтынмын", - дейді Данияр.
"Осы операциядан соң, өзімді әлдеқайда жақсырақ сезіндім: тамақ ішіп, жүре бастадым. Ота жасалғанға дейін тамақ ішпейтінмін, небәрі 27 келі болдым".
4 млн теңгеге қан қоюлығын өлшейтін аппарат алу қажет
Қазіргі уақытта графикалық дизайнмен айналысып жүрген Данияр содан азын-аулық табыс табатынын айтады. Жас жігіт анасы және әпкесімен бірге тұрады. Жақында әкесі жүрек ауруынан көз жұмған.
"Әпкем көмектесіп тұрады, анам жұмыс істейді. Мемлекет тарапынан мүгедектік үшін жәрдемақы аламыз", - дейді ол.
Даниярға қазір CoaguChek XS аппаратын алу керек. Бұл аппарат МНО (қанның ұюын өлшеу көрсеткіші) өлшеу үшін қажет. Ол қанның қоюлығын көрсетеді, жүрек клапандарында тромбтар, қан ұю болмауын қадағалайды. Ол үшін барлығы 4 млн теңге қажет.
"Дәрігерлер маған жүрек трансплантациясын жасау керек екенін айтты. Мемлекет бұл операцияны төлеп береді, ал қаражат осы МНО өлшейтін аппаратты сатып алуға, жүрек ауыстырған соң қайта қалыпқа келуге жұмсалатын шығындар үшін керек. Барлығы 4 млн теңге қажет", - дейді ол.
Қазіргі уақытта Данияр жағдайы туралы ақпаратпен бөлісіп, таратып көмектесетін еріктілер іздейді. Қазіргі уақытта маған көмек қолын созған бірнеше адам бар, олар ақпаратты таратып жәрдемдесіп жатыр, дейді ол.
60-қа жуық асқыну жағдайлары болуы мүмкін
"Тізімде тұрғаныма төрт жылдың жүзі болды. Дәрігерлер ота жайлы нақты ештеңе айта алмай отыр. Олар организм жүректі қабылдау үшін барлық параметрлер бойынша донордың сәйкестігіне мән береді.
Жүрек ауыстыруға өзімді жартылай дайын сезінемін, әрине, қорқыныш бар. Түрлі қауіп-қатер бар. Жүрек ауыстырған соң 60-қа жуық асқыну жағдайлары болуы мүмкін деп айтылады. Негативті ойларды, қауіп-қатер жайлы көп ойламауға тырысамын. Операция сәтті өтеді деп позивтивті ойлаймын", - дейді Данияр.
Өзім сияқты адамдарға көмектескім келеді
Өмір сүруге құлшынысты жақындарым береді, дейді ол. Жас жігіттің болашаққа үміті көп. Бастысы өзі сияқтыларға жәрдемдескенді қалайды.
"Мотивацияны маған жақындарым береді, олар мені қолдап, қоштап отырады. Алда әлі орындамаған көп жоспарларым бар. Сондықтан жақсы әрі салиқалы өмір сүргім келеді. Жазылған соң, дизайнмен айналысып осы салада жеке агенттік ашқым келеді. Мүмкіндігінше, өзім сияқты адамдарға көмектескім келеді", - дейді жігіт.
Данияр өзі сияқты жағдайға ұшырағандарға өз кеңестерін айтты:
Ешқашан көңіл-күйлерің жабырқамасын, барлық проблеманың шешімі бар, ең бастысы жиі күлімдеп, негативті таратпау. Сондай-ақ ауруға қарсы тұруға өз-өзіңді жігерлендіру, өмірді толыққанды сүру маңызды.
Даниярға көмек көрсетем деушілерге реквизиттер:
Карта kaspi gold: 5169 4931 9509 9471
Halyk bank: 4405 6398 1786 0925
SBERBANK: 4578 3200 1281 8213
(Байбулаев Данияр Бахытулы)
Qiwi Кошелек +77472509037