Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін сәуір айының ортасында өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Даниярдың промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшы сәуір айында Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) — Лиам Уильямс (23-2-1, 18 KO) бокс кеші андеркардында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Енді Matchroom Boxing басшысы алдағы шоу 17 сәуірде өтетінін нақтылады. Іс-шара АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында өтеді деп жоспарлануда.


Данияр Елеусінов: Екі ұлым екі әйелден туған, АҚШ-та тұрамыз


Данияр Елеусінов қарсыласының аты әлі белгісіз. Хирннің айтуынша, олар ең жақсы қарсыласын табуға ниетті, тіпті ол үшін артық төлем жасау керек болса да.

27 қарашада өткен  соңғы жекпе-жегінде Данияр әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 13 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, жартылай орта санатта IBF Inter-Continental бос атағын жеңіп алды.

Талқылау