Данияр Елеусіновтің АҚШ-тағы алғашқы титулдық жекпе-жегі: трансляцияны қайдан көруге болады
28 қараша күні таңертең қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол Голливудтағы (АҚШ) бокс кешінде өнер көрсетіп, онда намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жек өткізеді. Олар IBF Inter-Continental жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуіне таласады. Қазақстанда бұл жекпе-жек Хабар телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 06: 00-де басталады.
Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізді - бесінші раундта ол америкалық Алан Санчесті техникалық нокаутпен жеңді (20-5-1, 10 КО).
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ