Данияр Елеусінов рингке оралып бокстан бейбітшілік белбеуін жеңіп алды
Белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке оралып, бейбітшілік белбеуін жартылай орта салмақта жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

33 жастағы Риодағы Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы үш жылдық үзілістен кейін Алматыдағы бокс кешінде басты шарада өнер көрсетті. Даниярдың қарсыласы филлипиндік 29 жастағы Джо Нойнай болды.
“Алматыдағы All Stars Boxing басты жекпе-жегінде біздің отандасымыз филиппиндік Джо Нойнаянды 5-раундында техникалық нокаутпен жеңді”, – делінген жазбада.
Данияр Елеусінов-бокстан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.
Ол 2018 жылы кәсіби боксқа ауысты.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

