Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов өзбекстандық әлем чемпионатының күміс жүлдегерімен жекпе-жек өткізеді

Олимпиада және IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Данияр Елеусінов "Чемпиондар түні IBА" бокс кешіндегі екінші жекпе-жегін өзбекстандық Сайджамшид Джафаровқа қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:  IBA

Олимпиада чемпионы 27 сәуірде, Алматыда өтетін "Чемпиондар түні IBА" халықаралық кәсіпқой бокс кешінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, өзбекстандық Сайджамшид Джафаровқа қарсы жұдырықтасады. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек 71 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Өзбекстандық былғары қолғап шебері жанкүйерлерге етене таныс. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында Асланбек Шымбергеновке есе жіберген еді. 

Айта кетейік, Данияр Елеусінов  (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған "Чемпиондар түні IBА" – "Astana Arlans" турнирінде өткізді. Ол 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан еді. 

Талқылау