Басты жаңалықтар
Данияр Елеусінов спорттық мансабын аяқтау туралы мәлімдеме жасады
Жартылай орта салмақта IBO чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) badlefthook.com басылымына берген сұхбатында қандай жағдайда карьерасын аяқтауға мәжбүр болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Боксты сүйемін, жеңгенді жақсы көремін. Маған промоутер мен жекпе-жектер қажет. Егер 2022 жылдың соңына дейін олай болмаса, зейнетке шығу керек болады. Промоутермен сөзге келіп жүргім келмейді, мен өзімді көрсете алған бокашымын. Сондықтан маған сенетін, жақсы айқастар ұйымдастыратын промоутер қажет", - дейді боксшы.
Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізді: ол аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Содан бері қазақстандық рингке шыққан жоқ.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған