Данияр Елеусінов чемпиондық атаққа таласады: Кездесудің өтетін орыны мен уақыты нақтыланды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Әлем чемпионы атануға мүмкіндік алды. Рио-2016 Олимпиадасының жеңімпазы жартылай орта салмақта ІВО белбеуі үшін таласады. Бұл туралы спортшының менеджері Зия Алиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бізде керемет жаңалық бар. Бұл жаңалықпен барша бокс сүйер қауыммен бөліскіміз келеді. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта ІВО негізгі белбеуі үшін таласады. Кездесу 18 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласындағы "Jekpe-jek" аренасында өтеді. Бұл бокс кеші Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған, отандастарымыз үшін керемет сый болмақ. Әлемдік деңгейде өтетін бокс кешінде әлемнің және Қазақстанның үздік боксшылары жекпе-жек өткізеді. Данияр басты кездесуде чемпион атанып, өз жанкүйерлерін қуанту үшін барын салады.
Бұл кездесу үшін ол ұзақ жол жүрді. Чемпиондық жекпе-жек өткізу мақсатында барлық команда еңбек етті. Енді тамаша жаңалықпен бөлісіп отырмыз. ІВО тарапы ресми түрде нақтылады. Қарсыластың аты жақында белгілі болады. Сол кезде ресми мәлімдеме жасаймыз", - деді Зия Алиев.
Елеусінов Қазақстаннан шыққан бесінші чемпион болуы мүмкін. Оған дейін Геннадий Головкин, Бейбіт Шүменов, Жанат Жақиянов, Василий Жиров чемпион атанған болатын.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
