Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов Алматыда өтетін "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды

Олимпиада және IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Данияр Елеусінов Алматыда өтетін "Чемпиондар түні IBА" халықаралық кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шықпайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: IBA

Данияр Елеусінов 27 сәуірде Алматы қаласында өтетін "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде өзбекстандық Сайджамшид Джафаровқа қарсы жекпе-жекке шықпайтын болды. Отандасымыз жарақат алуына байланысты кездесуден бас тартты. Оның орнына өзбекстандық спортшымен Талғат Шайкен жұдырықтасады. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек 71 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Өзбекстандық былғары қолғап шебері жанкүйерлерге етене таныс. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында Асланбек Шымбергеновке есе жіберген еді. 

Айта кетейік, Данияр Елеусінов  (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған "Чемпиондар түні IBА" – "Astana Arlans" турнирінде өткізді. Ол 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан еді. 

Талқылау