Данияда келісімсіз жыныстық қатынасқа түсу зорлаумен теңестірілді

Данияда нақты келісімсіз жыныстық қатынас зорлаумен теңестірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жыныстық

Құжатқа сәйкес, серіктес шынайы келісім берген кез-келген жыныстық қатынасқа рұқсат беріледі: оны ауызша және вербальды емес түрде білдіруге болады. Егер серіктестердің бірі бопсалауды қолданса немесе қысым көрсетсе, мысалы, лауазымдық өкілетін пайдалану арқылы жыныстық қатынасқа түсу зорлау деп саналады. Жаңа заң 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Іс жүзінде ол қолданыстағы заңнаманы қатайтады және бұл айыптау үкімдерінің санын арттыруы мүмкін. Бұған дейін прокуратура қылмыскердің зорлық-зомбылық көрсеткенін немесе қарсылық көрсете алмайтын адамға шабуыл жасағанын дәлелдеуі керек еді.

Дания үкіметінің мәліметінше, жыл сайын елдегі 11,4 мың әйел зорланады.

Дания Еуропадағы келісімсіз жыныстық қатынасты зорлау деп таныған 12-ші мемлекет болды.

2020 жылдың наурызында Испания да келісімсіз жыныстық қатынасты заңдастырудан бас тартты. Бұл үшін қылмыскерлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және ауыр зорлық үшін 15 жылға түрмеге қамалады. 

Мұндай заңдар Швецияда, Ұлыбританияда және Германияда қолданылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр