AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даниал Ахметов журналистерді дамып келе жатқан Семей қаласын көруге шақырды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов журналистерді осы қаланың қандай оң өзгерістерге ұшырағанын көру үшін Семейге шақырды.

Даниал

Биыл Семей жаңа Абай облысының орталығы болды, алайда тілшілер қалаға қатысты бірнеше сұрақтар қойды, өйткені ол ұзақ уақыт Шығыс Қазақстан облысының құрамында болды. Сұрақтардың бірінде БАҚ өкілдері Даниал Ахметовтің жұмысына байланысты Семей кәсіпкерлері тарапынан жасалған сын мәселесін қаузап, әкімнің бұл сөздерге деген көзқарасын сұрады.

“Егер сіз мұның бір ғана жағын көрсеңіз – бұл бір сұрақ, егер бұл 3-4 өтініш болғанын көрсеңіз – бұл басқа тәсіл. Менің басты міндетім – өз тапсырмамды орындау. Семейдің әлеуметтік базасының қалай кеңейгенін, көшелерді қаншалықты кеңейткенімізді, жылдар бойы шешілмеген инфрақұрылым мәселелерін шешкенімізді көру керек. 30 жыл бойы адамдар жүк тасымалдайтын көпірдің жөнделуін күтті, біз бұл мәселені шештік. Семей әуежайын қайта жөндедік. Сумен қамтамасыз ету мәселесін шештік. 40 жыл бойы мәселелі болып келген кәріз дюкерін күрделі жөндеулен өткіздік. Сол себепті Семейге келіп, өз елін жақсы көретін, жақсылықты қалайтын азамат ретінде атқарылған жұмыстарды көздеріңізбен көрсеңіздер игі болар еді”, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр