Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының үшінші турына өтті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының қазылар алқасының шешімімен "жасыл түске" ие болып, үшінші турға өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Данэлия Тулешова

Қазақстандық әнші танымал жобаның үшінші турына қосымша тыңдаулар мен қойылымдарсыз өтті.

Пандемия жағдайына және әлемнің түрлі нүктелерінен көптеген қатысушылардың болуына байланысты екінші тур онлайн-форматта өтті. Данэлияның және бірнеше қатысушының жобаға одан әрі қатысуы күмән тудырмады және олар қазылар алқасына қосымша қойылымдар көрсетпеді.

Данэлия үшінші турға дайындалуда, оның уақыты мен форматы әлі жарияланбаған. Сондай-ақ, орындау үшін таңдалған композиция туралы ақпарат жоқ болғанымен, оның лирикалық ән болатындығы белгілі, бірақ ол өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, мамыр айының соңында America's Got Talent шоуының ресми арнасында қазақстандық әнші Данэлия Төлешованың қатысуымен алғашқы эпизод пайда болды: көрермендер де, қазылар алқасы да жас жұлдыздың талантына таң қалып, тұрып қол шапалақтады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Шілде, 2020 12:47
Талқылау