Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт: Біреу сатқын деді, енді біреу мұны да Құдай атты деді

Дана Нұржігіт аурудың бетін қайтарудың бір жолы – екпе алу дегенді айтты. Депутат өзін сатқын деп айыптағандарға жауап берді. Екпенің маңыздылығын тағы бір рет атап өтті.

“Қайырлы кеш, қымбатты оқырмандарым! Соңғы кезде әлеуметтік желіге шығуым сиреп кеткені рас. Аурудан аман-есен айығып, аман қалған жақындарымның жанындамын. Шүкіршілік етемін...

Қазір індеттің өршігені мен екпені тездетуден басқа өзекті мәселе жоқ. Ауру дендеп, өршеленіп барады. Мен бұл тақырыпта айтарымды айтып болдым. Естіген құлақ естіді, біреу дұрыс деді, біреу бұрыс деді, біреу сатқын деді, енді біреу мұны да Құдай атты деді...
Солай! Аман болыңыздар!”, – деді Дана Нұржігіт. 

Желі қолданушыларының бірқатары екпеге насихат жасағаны үшін қарсы шықты. Енді бірі қолдау көрсетті. 



“Дана ханым, екпе әлі толық зерттелмеген, зардаптары айқын емес, қалай үгіт жасайсыз. Халық аш, қымбатшылық дендеп халықтың алқымынан алып бара жатыр. Шенеунік, депутаттарға сенім жоғалды, жемқорлық жайлады. Министр сымағымыз күнде бір жарлық шығарып құйқылжиды. Ұлтымның болашағы бұлыңғыр. Бетке ұстар тұлғалардың барлығы не болар екен деп тынып отыр, қалғандары қашты елден. Елім деп жерім деген шегіріткелерде ұшып кетті. Сенген қойым сен болсаңның кебі келіп тұрған заман”. 

“Дана, сөзіңіздің жаны бар. Вакцина ал дегендер халық жауы болатын болды ғой. Өзім де ауырдым жақында, ыстығым көтерілді, дәм-иіс сезу жоғалды. Бірақ, тез аяққа тұрдым. Ешқандай жедел жәрдем, аурухана дегенге жүгінбедім. Себебі ақпан айында вакцина алғанмын. Емхананың мобильді тобынан үйде ем алдым. Вакцина ал деп ешкімді үгіттемеймін де. Адам өзі саналы түрде шешім шығаруы керек”. 

“Бәрі аяқталып, бейбіт заманға оралсақ екен, бәріңізге амандық тілеймін”, – деп жазды желідегілер. 

Талқылау